Қадірлім...

Қадірлім...
Бағыма кеп бұйырғаны тәңірдің
Сен келместен алдын,ұкпай тынымсыз
Сырын білмей сенделуші ем сабырдың
Сонда да...
Жолдан кейде жаңылдым...
Тоңғанымды жеткізе алмай тұрсам да
Намысымды белге деуір ысырып
Жылы үйіңнің терезесін тағы ұрдым...

Алтыным...
Өзің жоқта жарымжанмын,жартымын
Ауа жетпей алқынғанда алқымым
Алақаның маңдайыма тигеннен
Мейіріңнің құшағында балқыдым
Мен де енді
Кемшін тұсын көңілімнің жасырып
Саған берем артығын...

Шыны шам
Қараңғыда түбіне кеп жантайып
Бар сырыңды пілтеңмен баяу ұғысам
Қол тигізсең күйетин ыстық сезімнің
Сенімен біз біле бермейтін қыры сан
Қапелімде...
Самал жел кенет үп етсе
Сенің сөніп қалмауың үшін тырысам...

(С) Абзал Алтый

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)