http://a-brands.kz/

Толғанысым

Толғанысым,
Өмірдің жалған ісін,
Тоқтатуға қарсылық бар ма күшім?!
Жапа шеккен бейкүнә жандар үшін
Болмайсың ба жәрдемші, қолғабыс қып,
Өмір, әлде, сенің де тар ма ішің?

Ойланамын
От болып ойнағаным.
Ашкөздердің аш болып тоймағанын,
Қатігездік тамырын жоймағанын.
Бірі асқа зар болса, бәзбіреудің
Түсінбеймін аттандап тойлағанын.

Кетпей Күнім
Аспанға жетпейтінім,
Өкінішті
Бір мұңсыз кетпейтінім.
Өткінші ғой өкініш, кек дейтінім,
Мен тек білем көретін жарығымда
Жақсылықтың жайлауы көктейтінін,
Өмір өзі өткенді реттейтінін...

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)