сайыс
ozgetil.kz

Самғау керек

Дауыл дастан, көшкін эпос, сең аңыз,
Сен жырау бол, ол - ақын да, мен - абыз.
Самғау керек тоқтағанша жүректер,
Самғау керек қиылғанша венамыз.

Зиян, пайда жоқ-ты түйе маң басқан,
Бүгін адам легі осылай жалғасқан,
Бір болса да артын ойлап жүретін
Сол дос артық қамсыз көңіл сан достан.

Не болса да, асқар асу келер күн,
Самғай алам
Себеп бүгін мен еркін.
Бостандыққа еті үйренген киікті,
Торда отырған арыстанға теңер кім?!

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)