http://a-brands.kz/

Шүкір деймін

Рухым биік,
Тәңім де азат,
Жаным да.
Өр бабамның ерлігі бар қанымда,
Ер бабамның өршіл азат арманы
Тәуелсіздік
Анықталған бүгін Ата Заңымда.

Қайран, далам,
Дүбірлеткен боз атың,
Сайрандаған,
Күмбірлеткен озатың,
Домбырасын күйші - жыршы ту етсе
Балуандай
Бәйге десе деребесі қозатын.

Міне, қазақ,
Еркін халық көп көрген,
Шекарасы ар-ұятпен шектелген.
Азаттықпен егіз ұғым елімде
Елбасым бар,
Соқпақ жолды соқтықпай-ақ өткерген.

Шаңырақты халқым ерге ұстатқан,
Керегесін алтын жіппен тыстатқан.
'Жаңғыруға' жаңғырық боп үн қоссақ,
Қиын болмас,
Бағындыру отыздықты тіс қаққан.

Мендегі арман - ең ұлы арман,
Ізгі арман,
Аман өтсе елім алып құздардан.
Қаймықпаймын, тайсалмаймын Ел басшым,
Сіз болсаңыз,
Өкпеден кеп соққан суық ызғардан.

Елтаңбам бар,
Биік оным асқардан,
Әнұраным артық сан жол дастаннан,
Көк туыма қыран құсым өң берсе,
Валютаны
Ауыстырдық алғаш адым басқаннан.
Шүкір деймін, жұмсақ жүрек қазақты,
Есіл елдің Нұрсұлтаны басқарған.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)