Өлең, жыр, ақындар

Бара жатсың Алатаудай биіктеп

Жүретін ең жадырап бір елжіреп,
Соның бәрін сезуші еді бұл жүрек.
Орның бос тұр, Әмір досым амал не,
Өзің жоқсың, талай жандар жүр жүдеп.

Арманың көп,таудай еді талабың,
Ұшталып-ақ қалып еді қаламың.
Төгіп-төгіп айтатын да жазатын,
Таланты бір,тарланы едің даланың.

Кірістің кеп,білдің дағы себебін,
Театрды алып шыққан сен едің.
Әрі әнші, әрі ақын, режиссер,
Жүрген жерің думан-күлкі,Сері едің.

Сырласушы ек,қалдырмай түк,мұңдаса,
Заман екен өткен қызық бұл да аса.
Өнерлі жан сегіз қырлы өзіңдей,
Қайдан тумақ, Сыр бойынан тумаса.

Сағынғандай болып жүрміз жыл құсын,
Жазып кеттің ойлы пьеса, жыр мүсін.
Бексұлтанға, Есіркеп пен Манапқа,
Соларды енді айтып беріп жүрмісің..

Сәлем берсең басыңды сәл иіп кеп,
Аңқылдап бір құшақтаушы ең сүйіп кеп.
Соның бәрі сағымдай боп қалғанмен,
Бара жатсың Алатаудай биіктеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ағалар

  • 0
  • 0

Тың даланы түлетті,
Шөл далаға гүл екті.
Қажымас құрыш білекті –
Осылар біздің ағамыз.

Толық

Қоразға

  • 0
  • 0

Оятпа, қораз, сен бізді,
Өзім де сездім, таң атты.
Сенсіз-ақ білем мезгілді,
Үйреніп алдым сағатты.

Толық

Сурет салдым

  • 0
  • 0

Суретін мен бір адамның
Салайын деп қалам алдым.
Дөңгелентіп басын салдым,
Екі сызып қасын салдым.

Толық

Қарап көріңіз