http://a-brands.kz/

Алқоңыр

Алқоңыр

Құс жолы сынды санама Жусан иісі сіңді;
Жұпар иісі сіңген неге Ғалам мұңлы?!
Мен таң қалдым Тәңірге, сосын ғашық болдым,
Кенепке жұққан бояудай Тағдырына түрлі...

Тағдырының реңкі түрлі түсті бояу,
екендігі маған болған кезде аян
о, мен ғажап түс көрем Әулиелер сынды,
Бір тылсым тіл қатады маған мәңгі Ояу!

Ақ Аспанда көк майса, жасыл шалғын қаулап,
Қара Жерде қазбауыр қоңыр бұлттар аунап,
Құбылады дүние: төбемдегі алып Жер,
төмендегі Аспанның
Аралығын қосамын қанатыммен жалғап...

Ғалам ұлық Суретшінің бояуынан жаралған!
Тағдыр – Тәңір өлеңі!
Мен Тәңірдей жаза алман!
Мыңжылдақтар куәлі картина боп тұрмын мен,
Адамзаттың ең ұлы Өнеріне баланған!

Мен қоңыр түс!
Бояуымда болса екен тек үлгі,
Құлашымда толқиды жал-жал Толқын кекілді...
Прометейдің отындай мөлт етіп тұрам Ғарышта,
Жер дейтұғын нүктеге Темірқазық секілді...
Мәңгілік!!!

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)