http://a-brands.kz/

Әлди

Әлди
(Өмірге келді дегенді естігенде)

Жүрегім... дір етті...
Жанарым жымиып!
Жан-жүйкем дүр етті...
Топан құс
Ұшқандай!
Бір хабар —
Тым биік
Санамды гүл етті!
Мыңжылдық сұлуды
Сағынып
Құшқандай!

Бір хабар жетті де
Өзгерді...
Әлемім!
Мен мүлде көрмеген
Күйге енді Өлеңім!
Бір дыбыс жетті ме,
Елеңмін
О, неден?
Жетті бір Сәлем-үн
Құс жолын тербеген...

Хош келдің...
Жұпарым
Жұмақтың лебіндей!
Ғаламды
Сән қылдың
Ғашықтың меңіндей!
Дүниені ән қылдың...
Тәңірді таң қылдың...
Хош келдің, Тұмарым!
Сәбиге бесік бол —
Айнал Күн, айнал Түн!
Жаңа Өмір...
Жас Өмір...
Ғұмырдан айналдым!
Хош келдің...!
Ғашығымның перзенті...!

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)