Аңсар

Аңсар

Тарам-тарам жолдардың иығына асылып,
Мауқын басып сүйенер.
Жол қараған көзіне Айдың нұры қалықтап,
Сағынышы көсілер...
Сағынышы көсілер
Самал желмен тербеліп,
Көйлегінің етегі өлкек леппен ырғалып,
Ынтыққан омырауы да,
Күрсінер...
Жүзі нұрланып,
Сұрланып жыл, күн, ай санап.
Қияқ шөптің беті де
Мөлдір шықпен селт етер,
Пәк жүзінен мөлт еткен ыстық жаспен тайғанап.
Кеберсиді еріні, аңқаланып құшағы...
Жұлдыздан нұр, Айдан ақ
Сәуле түсіп,
Шашырар,
Жердің шаңыт бетіне.
Жердің шаңыт бетіне таза аспанның
Ақ түні,
Әппақ, әппақ аспанның Қою таңы аһ ұрар!
Қайда, қайдан белгісіз
Келетіні сүйгенін –
Құдай айтса сенгісіз
жек көрінішпен сағынар...

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)