Кездесу

Келем дегені үшін де,
Лүпілдеп соққан демігін,
Опа жұққан жүзін де,
Далап жаққан ерінін
сүйемін! Сүйгім келеді
әтір сепкен мойынын,
Алқалы омырауын да!
Сыңғырлайды ойым мың,
Сезімнің қоңырауы ма,
білмеймін?! Әйтеу, сүйемін
гүлбау таққан шаштарын,
Сүрмеленген кірпігін,
Қиғаш біткен қастарын,
Сиқырлы күміс күлкісін,
сүйемін! Сүйсем о, ғажап,
ұяң біткен көздерін,
Білезік таққан қолдарын,
Ерке, нәркес сөздерін,
Келеді бәрін қорғағым!
Келеді Жерге айналғым:
Күн ғып оны айналдым!
Құшақтайын, сүйейін,
Сүйейін, сөйтіп күйейін...
Сүйейін, Күнді сүйейін...

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)