http://a-brands.kz/

de Parfum

de Parfum
(Еуропаша иірім)

Жүргенде...
жабығып жадау күзде,
Тәрк етіп дүниені!
"...Керегі кейінгіге қалар із бе?!
Мейлі...
дүрк етпей даңқым,
Білмесін, барымды әркім!" -
Деп жүргем жолықпай тұрып Сізге...

Жадымда...
Ақ күлгін көйлегіңіз!
Сосын...
Сосын, еркелеп сөйледіңіз!
Сіздің сондағы ерке күлкі
Мұттырған-ды жаһан мүлкін.
Кім ойлаған дәл мұндай ғажап көрем?
Эйфельден құлап кетсем заулап төмен...
Ес-ақыл кірер сонда?!
Егер де сол сиықты болса бір іс
Құтқарып қалатындай...
сіздегі Ньютон ұқпас тартылыс күш!

А-а-аһ, бикеш!
Нәп-нәзік мияттанып,
Нелер талай сыр бүктіңіз
Джокандоның жымиысы сияқтанып?!
Мезетінде...
Ішімнен
өз Моцартым күй ақтарып,
Күле бергем,
сүйе бергем елесті
Көшеден ұят қалып...

Есуас ақылдырақ есті бізден!
Тұншығып қалар ма едім
Андағы ерніңізден!
Шыққанда деміңізден
Жұпар иіс,
Және де тәп-тәтті леб
Сиқырын оқығандай құлаққа кеп,
Тап болғандай күй кештім жұмаққа дөп!

Хош иісті жұпар қыз -
Сұлу мадам!
Вальске тербелгендей түнгі қалаң!
Бөленсін...
Бөленсін жұпарыңа күллі ғалам!
Әрбір адым сезіледі Сіздегі -
Бейне бір тактілі би!
Бұ ғұмыр неткен ғажап тәттілі сый!
А? Айтқандай...
Кім...?
Кім еді есіміңіз?
Хош иісті хор ару
Жат миледи???
Тәтті леди...

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)