http://a-brands.kz/

Қаргүл

Қаргүл

Қарашада қар жауды
Қара жерге ар жауды,
Ақ қар жауды баладай
білмейтін еш алдауды...

Қарашада гүл жауды
Қара жерге бүр жарды,
Пәк гүл жауды мамықтап
әппақ қыздай гүлзарлы...

Тез суыған сезімдей,
Ұшпа қар да ерімей ме?!
Ұлпа гүлді теруге,
Қарашығым келмей ме?!

Қарашада қар — түрлі
ала қанат көбелек!
Сәулешіме қаргүлді
сыйламасам не керек?!

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)