Іңкәр пейіл

Іңкәр пейіл

Тәттім!
Керім дүние ішінен сені ұнаттым.
Сірә, мендік жүректің бағы емес пе?!
Шіркін...
Миллиардтар ішінен сені таптым!

Тәттім!
Нәп-нәзік өпкенімде, сендік тәтті үн -
Киелі ноталардай жұмақ әуез!
Менің үшін:
Бар құны бір-ақ тиын тәж бен тақтың!

Тәттім!
Тұма ғазал жырымды саған тақтым.
Тәңірдің сыйысың сен, сәулем, маған!
Беу...
Арманым жоқ келсе де маған нақ күн!

Тәттім!
Тәттіліктің бал дәмін сенен таттым!
Тәттім...
Тәп-тәттім...

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)