сайыс
ozgetil.kz

Мұншалық...

Мұншалық...

Кімге құрғақ аспанның жауындары?!
Кімге тымық даланың дауылдары?!
Өлеңі үнсіз, елеусіз бір ақынның,
Кімге мәлім жанының ауырғаны?!

Не болды екен ақынға тоңды ма екен?!
Өлеңі обыр қолдан солды ма екен?!
Дүниенің у кереғар ылаңынан,
Жас жүрегі жарадар болды ма екен?!

О несі екен қараның ақ болғаны?!
Тазаның нас, арамның пәк болғаны?!
Қас санаған жауыңның жақын болып,
Дос санаған бауырдың жат болғаны?!

О несі екен ақынға кінә артқаны?!
О несі екен ақынға күнә артқаны?!
Жер жиһаннан жиналып мұқатуға,
О несі екен бәрінің құмартқаны?!

Жәдігөй қарақ көзбен сын айтқан кім?!
Сұрқия сиқыр сөзбен сұм айтқан кім?!
Мұңына мұңын қосып мұң айтқан кім?!
Мұншалықты ақынды мұңайтқан кім?!
Айтшы...!?

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)