http://a-brands.kz/

Ақ Гүл

Ақ Гүл
(түнгі романс)

... Иә, мен үнсіз куә боп тұрдым,
Ғашық жанардың назарын шыққа матырып!
Ал, сен...
Ақ үлпе көйлекпен аппақ Ақ Гүлдің,
Нәп-нәзік биіне перизаттарды шақырып:
Тәтті әуез, ерке әуенге биледің!
Лебіңнен ләззат еседі Санамды күйреп;
Мендік жанарда тұрып алды, о, неге, Сүйгенім,
Көзімнің мөлтілінде суретің билеп?!
Сенің биің жұмақты кестелеп өрді,
Хұр бикештер желпігенде жұмақтық лебін;
Жұпарлы Ақ Гүлдер арасынан көрді,
Мендік сезім атты пәк жүрек лүпілдеп Сені...
Сені сүю — о, ғаламат, Тәңірдің ең бағы!
Білесің бе?!
Білесің бе, әй, менің Ақ Гүл бейнелі пәк күлте шұғам:
"Жанарыма Жұпарыңды сіңіремін-дағы,
Үнсіз!
Үнсіз куә болған күйде Көзімді жұмам... "

Дархан Аманжолұлы

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)