Өлең, жыр, ақындар

Қазағым тілі

Ана тілін ұмытқан адам өз xалқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді

Ғ.Мүсірепов

Өткен шақтан мұра қып алып қалдың
Енді орынын оюлап, анықтар кім?
Қадірлейік, болмайық қатарынан
Барлығынан қол үзген
xалықтардың

Биік орын туған тілге алынсын
Дара тілім,
Ана тілім, барымсың
Көкте тұрса қазақ тілі жетеді
Бір төбе ғой орыс пенен ағылшын

Өзге тілде тұмшаласын бір үн мың
Туған тілдің қасиетін ұғындым
Тым болмаса білейікші қадірін
Қасиетті Ана деген ұғымның

Жетегінде кетпейік тағы алаңнын
Қадірлесін ұлтжанды саналы әр кім
Ана тілі тіркестің мәні қандай
Ақ сүтінен даритын Аналардың

Бөгемесе, жамандардың ор іні
Естіледі болашақтың зор үні
Халық жаны тіл деп кеткен бұрында
Жансыз болса, көр ғой енді орыны

Жат тілменен құрысын көрген күнім
Ана тілім асқарлым, сол кеңдігім
Алғың келсе суырып жүрегімді
Айтып өлтір, тілімнің өлгендігін

Тіл-жерім деп бабалар тайталасқан
Қымбат тіл мен жер ана байтақ асқан
Осы екеуін өткеннің еншісі қып
Тәуелсіздік есігін айқара ашқан

Әділ Аxметов



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз