Өлең, жыр, ақындар

Ақшаның буы

Отанын сатқан опасыз жандар көбейді,
Елімнің жолын осылар неге бөгейді.
Қарапайым халықты мынау арсыздар,
Қайдағы жоқ нəрсеге неге теңейді.

Оларға керек ақша мен атақ,мансабың,
Қарағым оны жетісіп не үшін аңсадың.
Еліңе көмек тигізер сəтте ақшаның
Буына мас боп сол кезде неге шаршадың.

Кеудеңді керіп не табасың бұл өмірде
Əрбір істері тиеді қатты көңілге.
Осындай жандар көбейіп жатыр білсеңіз
Артып барады тіпті сандары күніге.

Болсада ақшаң өмірге мына жетпейді,
Жинасаңыз да əр сағат сайын көп мейлі.
Опасыз,сатқын,арсыз болған жандарды,
Отаның мынау ешқашан керек етпейді.

Пайдалы іс қыл адал боп мына Отанға
Дұға қыл тіпті ұйқыға күнде жатарда
Бұл өлеңнен соң есіңді жиып ойлансаң
Перзент бол нағыз көмектесетін Отанға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір маңызы

  • 0
  • 0

Болған соң пендесі бұл ғаламаттың,
Маңызды əрбір ісі адамзаттың.
Керек десең маңызды күнделікті,
Жұмсалып жатқан əрбір қаражаттың.

Толық

Атама деген сағыныш

  • 0
  • 0

Ақынға қара сөзден өлең оңай,
Деуші еді ақындарың талай-талай.
Бойымды шабыт кернеп тұрса егер
Қой деймін шабытыма енді қалай?

Толық

Махаббат жасқа қарайма?

  • 0
  • 1

Сезім деген қымбат келер талайға,
Сезімменен ойнама сен абайла.
Шын ұнатып,шын ғашық боп қалса егер,
Махаббатың жасқа сонда қарайма?

Толық

Қарап көріңіз