Өлең, жыр, ақындар

Өшпесін тарихы қазағымның!

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын,
Аралап батыр өткен жол бойларын.
Біліп жүргің танытып ізденісті
Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Тарих білу-халқыңды танып білу,
Тарих білу-кеуде керіп анық жүру.
Тарих білу-нағыз қазақ болғандығың,
Тарих білу-біле білсең оңғандығың.

Тарих білу-өткенді білгендігің,
Бабалар өткен жолмен жүргендігің.
Керек қылмай жүре берсең тарихыңды
Бұл ісің елге қарсы үргендігің.

Қанмен тарар тарих ол бойымызға,
Сақталсын жадымызда,ойымызда.
Білу керек тарихты бес саусақтай,
Алаңдамай ес ішке жалтақтамай.

Сусында біліменен күннен-күнге
Тарихты білу деген үлкен жүлде.
Тарих білу міндет екен бəрімізге,
Керек десең жасымыз бен кəрімізге.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрсақтағы сәбидің жан айқайы!

  • 0
  • 1

Сəлем анашым бөбегіңді күтіп жүрсің бе
Қайғырма мүлде жылама енді күрсінбе
Мендей сəбиге жарық өмірді сыйлайтын
Шуағын шашар жап-жарық болған күнсің бе

Толық

Мәуліт күні

  • 0
  • 0

Әлек болар барлығы таппай тыным,
Күн сәулесі шапағат,жайған нұрын.
Ең ерекше күн бүгін білесізбе?
Себебі туған күні Пайғамбардың!

Толық

Қадірін жоғалтқан қарт (қазіргі қарттар жайлы)

  • 0
  • 0

Көше кезген қарттарым қазір көбейді.
Бұл қоғамда оларды кімдер елейді?
Көре тұрсада шарасыз қарттар күйлерін,
Қəнекей сізге көмектесейін демейді.

Толық

Қарап көріңіз