Өлең, жыр, ақындар

Аңсау

  • 20.01.2018
  • 0
  • 0
  • 4195
Қарайсың жанарыңнан таралып мұң,
Болар ма алшақтығы аралықтың.
Көлбеген көк мұнарың көрсетер ме,
Іздерін аңсап келген балалықтың.
Көрейін Көлденеңсу,
Көксаламды,
Айыптама,
Көз жазған кеп баланды.
Төркіндеп келген қызың мен болармын,
Алыста жүріп білген тек бағанды.
Өзіндей өзгеше жер табамын ба,
Гүлдерің майысады сабағында.
Соған да риза болып аттанар ем,
Шыңың тұрғай,
Жүрсем де табанында...
Суық қой, болмас, сірә,
Таста сезім,
Табанға көзің қиып баспас едің.
Көңілім сергіп кетті,
Көріп сені,
Мейлі, қайда болса басташы өзің!
Қыран жүр қияныңда батыл шарлап,
Биікте жүріп кімге ақыл салмақ.
Ал менің мынау нәзік жүрегімде —
Жартасыңа барабар жатыр салмақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таң

  • 0
  • 0

Арайлы таң, қарайды таң сұқтанып,
Түн жадырап ашты қою кірпігін.
Жылтырады жасыл құрақ шықтанып,
Нәзік бұтақ жәйді алақан бүршігін.

Толық

Түсім бе әлде...

  • 0
  • 0

Япыр-ау кеше емес пе,
Егіле сыр ашқаны,
Түсім бе, әлде елес пе,
Мөп-мөлдір дала аспаны.

Толық

Аппассионата

  • 0
  • 0

Құшағы толғандай бір лала гүлге,
Шалқыды даласымен бала бірге.
Бетховеннің құдіретті —
Сазды әуені

Толық

Қарап көріңіз