Өлең, жыр, ақындар

Жаңартылған бағдарламаға арнау

Жаңартылған бағдарламаға арнау

Оқыдық біз жаңартылған білімді,
Бұл жаңалық жарық қылар күніңді.
Белсенді оқу, табиғи әдіс, 4 дағды,
Әрбір ұстаз үшін болар тиімді.
Бағдарламадан оқуға мақсат аламыз,
Сол, мақсаттан жетістікті табамыз.
Жетістіктің деңгейін біз анықтап,
Сипаттаймыз келгенінше шамамыз.
Қысқа жоспар құрып алып,тізбектеп,
Бағалауды өзгертеміз біз шектеп.
Жетекші боп, оқытамыз,айтамыз,
Драмалық қойылымды көрсет деп.
Фильм қойып тоқтатамыз "стоп" деп,
Арғы жағын өзің тауып ұқсат деп.
Оқушымен мұғалім боп сарапшы,
Ұмтыламыз жаңалықты ұқсақ деп.
Түсінікті бұл оқудың құпиясы,
Бағдарлама, сындарлы оқу теориясы.
Оқу,тыңдау,айту, жазу, тілдік мақсат,
Қалыптасқан сыни ойлау идеясы.
Өрлей берсін жаңа осы бағдарлама,
Жіберсін "Өрлеу" жаңа хабарлама .
Қолдайды тек ұстаздар жаңалықты,
Беретін талаптыға бағдар жаңа .

Ерназарова Рыскүл
"№ 121 ЖОМ" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз