Өлең, жыр, ақындар

Жүрек арызы

Мені сезбейсің ғой - Ием,Тән денем,
Сен емес,мен сені өзіме серік етем.
Көктерге талпынып таласасың,
Сен қашан жүрегіңмен санасасың.

Тыныш таппай,соғатын жүрекпін,
Біреуге қуанышта,
Ал саған қайғыру үшін ғана керекпін.
Тәнім сен-топырақсын,
Уақытың кеп қара жерге енетін.

Тоқтатқың келеді,енді неге ?
Үздіксіз соқтым емес пе ?
Жиырма жыл кеудеңде.
Әлде,бұлай болуы,өзгелерге керек пе?

Несін айтам,менде шаршадым,
Қалмады енді әл-ауқатым.
Жүрек болдым,күнде өзіме мұң артатын,
Менде мақсат қалған жоқ,
Өмір сүру үшін алға тартатын.

Есіңде ме ? Сол жол апаты.
Темір тұлпардың шыққан жоқ па тас-талқаны.
Сені тастап,келді қара жерге көмілгім,
Бірақ,рұқсатын берген жоқ,көктегі тәңірім.

Сен түгілі ғашық болдым менде оған,
Ондай жүректі бұрын соңды аңғармағам,
Сүюден өлмейікші,қиналып екеуміз,
Расында да олай болса әлсіз екенбіз.

....Сен қандай төзімді , мықты жүрексін.
Ұмытпа.Маған өмір бойы керексін.
Жетеміз сол сезімге,жүрекке,
Тек сен өз-өзіңді ренжітпе.

Әрқашан жүректі қинамауға тырысайық ИСАБЕК АЗАМАТ



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бəрін кеш ұқтым

  • 0
  • 0

Мен қазіргі таңды атырып отырмын жалғыз
Неге ? Не үшін біздер қосылмайтын жанбыз
Түнді түн демей,күнді күн демей,
Теңіз,көл,шөл кешсем де неге қайырылмайтын жансыз

Толық

Ғашық жүрек

  • 0
  • 0

Жүрегімнің дүрсілі, тыңдашы мені мұқият,
Сені қолай сүйгенім бұл шынайы ақиқат.
Өмір мәнім,құлақ сал тұла бойыңмен,
Ойлап тұрмын сені,дәл қазір,бар ойыммен.

Толық

12-Сəуір

  • 0
  • 0

Мендегі дертті емдеп тәуір қылды,
Бақытқа толы сол он екінші сәуір.
Көктемдей гүлденген ерекше сезім,
Көрмесем жетпей қалатын төзім.

Толық

Қарап көріңіз