Өлең, жыр, ақындар

Түнгі қала...

Түнгі қала... Шамдары жарқыраған...
Дәл осындай ұнайды қалпы маған.
Әуеніме үйлескен түн-тыныштық
Сиып кетер өзіне жарты ғалам.

Иісі де сағыныш иісіндей,
Үнсіздікке әлемім жиі сіңбей.
Сезіміме жаралған жан дүние
Сағынуда жанарым сәт ілінбей.

Кеудеме махаббатым үңіліп... Ұмытылды.
Жанарыма ұмыт болған сыры тыңды.
Әңгүдікке теңелген сезім байғұс
Сағынышқа оранып болды жынды.

Қойнына сап, түн әлемін үгітті,
Өлтіріп ап, қоя салдым үмітті.
Таң бозарып атуға шақ қалғанда
Шапағы кеп қара мұңды жібітті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жанымның бар ма дауасы?

  • 0
  • 0

Тәнімнің емес, жанымның бар ма дауасы?
103 те жүрген жандардың бар ма шарасы?
Бір ысып алып, бір күйген сорлы денемнің
Қарсылыққа жетпейді оның шамасы.

Толық

Сарғайғалы жапырақ...

  • 0
  • 0

Сарғайғалы жапырақ жатыр
үйдің алдында ,
Қара суық, сары уайым
сергелдеңге салды да.

Толық

Кешірдім...

  • 1
  • 0

Белгісіз кезде мазамды алып,
Сен туралы ән жазармын анық.
Өтіріктен арқан өргізіп қана
Беймезгіл тұстан қаларсын шалып.

Толық

Қарап көріңіз