Өлең, жыр, ақындар

Мен сенің еркеңмін

Мен сенің еркеңмін, күлкісі жиылмас,
Мен сенің еркеңмін,
Еркелігі тиылмас,
Сен Мені күніне теңейсін
Өзіңнен өзгеге бұйырмас.

Мен сенің адалың, еш уақыт кетпейтін,
Мен сенің арманыңмын, күрессіз жетпейтін.
Ал сен менің бақытым,
Кет десе де кетпейтін.????

Жарасып егіз жүрек, егіз ұғым ,
Бақыт деп аталады негіз мұның.
Бұйыртып мені саған, сені маған
Алланың көтереміз берген сыңын.

Мен күн болсам, шуағы боп шашылған,
Мен ай болсам, көлеңкесін жасырған.
Егіз болып жаралған сыңарым
Сенің ғана табыламын қасыңнан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қыз дегенің

  • 0
  • 0

Қыз дегенің сенің анаң кешегі
Олар адал, олар батыл деседі
Сен де болсаң сол анадан туғансын
Қайығында ескегімен еседі

Толық

Бақыттың құны

  • 0
  • 0

Бақыттың құны- бақытты іздеп
құлаған ,
Титтей қуанышқа бақандай етіп
жылаған.

Толық

Өмір

  • 2
  • 1

Толқындаған мына өмірдің тасқынына шыдамай,
Тәлтіретіп жібереді кей-кездері сын ұдай.
Сабыр қылып шыдауға да көнбейді
Бұл өмірден өте алмассын жыламай.

Толық

Қарап көріңіз