Өлең, жыр, ақындар

Жас тамып тағы жанардан

Жас тамып тағы жанардан,
Жоғалып кетті сан арман.
Мендегі сезім құрақтан
Сендегі бақыт жамалған.

Жарты да жарты бір бүтін,
Біздегі бақыт мың бір түн.
Армандап қана қоятын
Сезімім неге сылбырсың?

Жоғалып кеткен сенімді,
Іздеуге мәжбүр болғанмын.
Сеңделіп кеткен көңілді
Сырт көзден қалай қорғармын?

Мің арта бермей өмірге,
Қашанғы бақыт жолығар.
Жүк арта бермей сезімге
Бақытым қашан толығар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарғайғалы жапырақ...

  • 0
  • 0

Сарғайғалы жапырақ жатыр
үйдің алдында ,
Қара суық, сары уайым
сергелдеңге салды да.

Толық

Өкпелеме

  • 0
  • 0

Өкпелей берме, Өмір онсыз да бес күндік,
Еркелеп жүріп, еркелікпен ЕС білдік.
Мұңайып, жылап, өкпелеп жатқан бұл күнде
Өмірге келген сәбидің үнін естідік.

Толық

Сүйем дедіңіз...

  • 1
  • 0

Сүйем дедіңіз... Дәл қазір онда
қайдасыз?
Асырып түсті ме, басқа бір адам
айласын ?

Толық

Қарап көріңіз