Өлең, жыр, ақындар

Кешірдім...

Белгісіз кезде мазамды алып,
Сен туралы ән жазармын анық.
Өтіріктен арқан өргізіп қана
Беймезгіл тұстан қаларсын шалып.

Сенбеймін саған, сенші демегін,
Құшағына алып, келші демегін.
Өзім мен өзім қалармын, қалқам
Жүректің кілтін берші демегін.

Өзін сөндіріп жүректің отын,
Өзін бүлдіріп қайтарып сосын.
Несіне әуре боласын көкем
Күтпеген жерден боласын, тосын.

Қасында жүргенде қадірді білмей,
Азапқа толы өткіздім күнді-ей.
Қалайша көзге қарап тұрсын сен
Ұят деген жаным, сезімді білмей.

Кешірер Алла, кешірдім мен де,
Өткен күндерді өшіргің сен де.
Жазасың алар лайықты өзі
Адамға жазған пешенесіне.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тастанды бала.

  • 0
  • 1

Қалайша қиып тастап кеттің ана?
Қай жерден тыныштық пен таптын пана?
9 ай, 9 күнде жаныңда бо(лы)п
Білген-ем жатырында сені ғана

Толық

Жас тамып тағы жанардан

  • 1
  • 0

Жас тамып тағы жанардан,
Жоғалып кетті сан арман.
Мендегі сезім құрақтан
Сендегі бақыт жамалған.

Толық

Тағдыр.

  • 0
  • 0

Күйретіп алып құрауға неге асықтың?
Биікте тұрған көңілді неге жасыттың?
Тоңдырып алып суығына жаныңның
Жылытуға сонша неге асықтың?

Толық

Қарап көріңіз