Өлең, жыр, ақындар

Қайран Бақыт!

Бақыт-өмір, бақыт-көңіл,
Сәби, жастық кездерім.
Дүниеге шыр етіп түскен
Балалық жарқын күндерім.

Алақаны анаың аялайды өзімді,
Махаббаты әкенің жұбатады көңілді.
Нағыз бақыт осы болды
Қайран бақыт жылдарым!

Бақыт-сұлу, бақыт-нәзік
Түсіре біл қолыңа.
Ер жетіп, көңіл сезіп
Махаббатқа толтыра.

Егер тапсаң махаббатты
Мықтап ұста, босатпа.
Бақыт деген осы болар
Қайран бақыт, сен қашпа!

Бақыт күн де, бақыт түн
Кез болар да, жоғалар
Сол бақытқа қол созса
Бәріне бірдей тап болмар.

Дүниені кез, тыным таппа
Арманыңа жете біл!
Қиын жолдан тайынба,
Бақытыңды сезе біл!

Бақыт-таяз, бақыт-терең,
Тайынбауға сен де үйрен!
Мүмкін, бақыт қасыңда
Көрмей қалып, адаспа!

Қайран бақыт, қандайсын сен?
Кейбір жанды алдайсың сен.
Қайран бақыт, бар жанның
Қолына түспей қинайсың сен. (2003 ж.)



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір өмірден, бір мысал (Жастарға арнау. Абай болыңыздар!)

  • 0
  • 0

Сарғайды терек, жылады ана жүрегі
Қиналды жаны, үзілді арман-тілегі.
Айрылды ана өсірген жалғыз ұлынан,
Қайтеді енді, келмейді қайта жолынан.

Толық

Қарап көріңіз