Өлең, жыр, ақындар

Бір сағат...

Жыл санап, ай санап, күн санап,
Неше рет ауысты құм сағат!?
Біреулер пайдалы...
Біреулер зиянды уақытты жұмсамақ!

Арыңды санаңа жеңдіріп,
Ит өтер - өмір ғой, елді үріп.
Үкінің көзіндей көздерің,
Қалады өткенге телміріп.

Қамалып қайғыдай қамалға,
Дейсің бе: "Əзерейіл (ə.с) жан алма..."?
Өйткені түгің жоқ Қабірде,
Мақтан қып көрсетер амалға.

Ерсі үшін берілмес ес деген!
Кетпесін құнсызға ештеңең.
Бір сағат ғұмырың қалғанда,
Бауырым не істер ең?
Не істер ең?...

Дер едің: "Шарасыз күйге енем!
Ұрпақты қалдырып үйленем".
Айтшы енді намазға тұра ма?
Маңдайың сəждеге тимеген.

Ажалың налаңды ұға ма?
Құлақсыз жанға қол сұға ма?
Өткен күн саналғанымен де,
Келер күн саналмас сірə да.

Көсіліп өлместей көр денең,
"Менікі" - демеші төр деген.
Пайғамдар ﴾ﷺ﴿ өмірде:
"Жолаушы секілді бол" - деген.

Өлімі құпия пендеге!
Сұмдыққа сұғылма сенделе.
Ғұмырың бітсе егер жазылған,
Өлесің ойлаусыз жерде де!

Орман, бақ, қырат пен шөлде де,
Қиял, ой, түспенен өңде де,
Тау, аспан, теңіз бен көлде де,
Хаққа құл - мəңгілік сол дене!

Қайғыңның күшейсе қарқыны,
Кемиді күлкіңнің сəл құны.
Бауырым шын айсам, сыр айтсам,
Жаныңның сəулелі жарқылы,
Асыл бір амал қып арнашы,
Намазға бір сағат əр күні.

Жалған боп тағдыр мен шара, заң!
Сенсіз-ақ айтылар тағы азан!
Туысқан есіне ап бір сағат,
Өтпейді демеші жаназаң...

Бауырым жалғанда таңданба,
Күлкіге, ойынға, əр маңға.
Сағатсыз күндерің басталар,
Қара жер қойнына алғанда.

Бойұсынып бағалы əмірге,
Бой түзе бас иіп Тəңірге.
Бес минут бос кездің бəрінде,
Хəліңді ойлап ал қабірде.
Шүбəсіз ұғасың сол шақта,
Бір сағат фəнидің мəнін де!

"Жетпеді" - деуменен мұрша қап,
Түңілмеу үшін де тұмшалап,
Төбеге шыққанға төнуші,
Өнеге ұққанға бір сағат.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сəби болғым келмейді...

  • 0
  • 0

Жазықсыздан жапанның жарығын көзімен көре алмаған, ғұмырын сүре алмаған жас нəрестенің жанайқайы:
Еткен едім жер деген алапты арман,
Жарық көргім келген рас таң атқаннан.

Толық

Бетперде (Сабыр...)

  • 0
  • 0

"Қарашы жүзімде бақ кектенбедім,
Сабырым да шықпаған шектен менің" -
Дейтін жандар басқаның бақыты үшін,
Жүреді екен астында бетперденің.

Толық

Ахирет пен Фəни

  • 0
  • 0

Мен де кетем, жаралдым пенде етімен,
Сенде кетіп барарда тербетілем.
Ажал келсе хабарсыз жендетімен,
Жоғаламыз алаңсыз жер бетінен.

Толық

Қарап көріңіз