Өлең, жыр, ақындар

1 сыр...

1000 сырым бар қоярға жай таңдаймын,
100 сырым бар тербетер байқалмай мұң,
10 сырым бар оңаша ойға түсер,
1 сырым бар ешкімге айта алмаймын...

1 сырым бар мазалап тоқтамаған,
1 сырым бар жазалап отқа ораған.
Сол 1 сырды пенде деп елестетсем,
Ең қатігез, ер мінез - сотқар адам...

1 сырым бар ойымнан қаша алмайды,
1 сырым бар тырнайды асау қайғы.
1 сырым бар керемет сегізінші,
Оны ойласам көздерім жасаурайды...

1 сырым бар ешкімге ашылмаған,
Білмейді оны көк аспан, жасыл далам.
Тылсым деген бір жүкті арқалаумен,
1 сырменен келеді ғасырға адам.

1 сырым бар жанымның жанарында,
Байқамайсың 1000 рет қара мұнда.
Төзімін серік етіп ашылады,
Өзінің өзгешелеу ғаламында.

1 сырым бар ерекше, елеме сен,
Сыр - құпия құрбым-ау неге десең!
Сол бір сырым болмаса, жыр - жыр емес,
Ал мен болсам толықтай мен емес ем!



Пікірлер (1)

Жубаныш

Бақыт-өмір, бақыт-көңіл,
Сәби, жастық кездерім.
Дүниеге шыр етіп түскен
Балалық жарқын күндерім

Пікір қалдырыңыз

Бір сағат...

  • 0
  • 0

Жыл санап, ай санап, күн санап,
Неше рет ауысты құм сағат!?
Біреулер пайдалы...
Біреулер зиянды уақытты жұмсамақ!

Толық

Сəби болғым келмейді...

  • 0
  • 0

Жазықсыздан жапанның жарығын көзімен көре алмаған, ғұмырын сүре алмаған жас нəрестенің жанайқайы:
Еткен едім жер деген алапты арман,
Жарық көргім келген рас таң атқаннан.

Толық

Иманның модасы

  • 0
  • 0

Мұсылманбыз!
Мың шүкір бір Аллаға,
Атам сəжде еткен жер ұлан дала.
Бұл күні Исламды бұлақ десек,

Толық

Қарап көріңіз