Өлең, жыр, ақындар

Қауырсыны болайын қанатынның!

(Қазақтың ақиық ақыны,Хан-Тəңірінің мұзбалағы Мұқағали Мақатаев атамның рухына бағыштаймын!)

Батырлардың ақберен қылышындай
Өмірден өткен ақын дүзі сынбай
Қорамсаққа жебесі толып тұрса,
Сол жебенің мұқалмас жыры ұшындай.

Көз алдымда мұнартып тұрсын бүгін
Жүрегіме жыр сеуіп жүрсің күнім
Қырық бесте қазақты мойындатып
Бақилыққа аттанған қыршын гүлім.

Өмірің қысқа болсада,жырың мəңгі
Ұзартады рухың ғұмырларды.
Жырыңды оқып көзіме елестетем
Аласармас Хан Тəңірі тұғырларды.

Жыр дарыған Абайдай данасынан
Төгілдіме жыр өмір қанасынан
Қүпі киген қазақтың қара өленің
Өзің едің бүтіндеп жаны ашыған.

Талай түндер өтіпті-ау көз ілмеген
Жыр аулаған қиялмен,сезімменен
Түсімеде енесің аққұс болып
Жүргендеймін бірге ұшып өзіңменен.

Қия шыңға қалықтап баратырмын
Маған қарап данамау дара тұрдың.
Аққуым-ау меніде бірге ала кет
Қауырсыны болайын қанатынның!!!

Ал,қанеки,ұшуға қамданайық!
Туа берсін күн мейлі алмағайып
Ақын деген ары аппақ Айға лайық
Жердің бетін жырменен аймалайық!
Жердің бетін жырменен аймалайық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар