Өлең, жыр, ақындар

Мұқағалидің туған күніне арнау

Мұқағалимен сырласу
Шабыттап шарықтағанымда,
Қиялдап қалықтағанымда,
Нұр жауған көктем, келсеңші, шіркін,
Мұқағали боп сүрер ме ем бір күн!

Өзіңдей өзек өртенген күнімде,
Адамсыздықтан...
Шарасыздықпен жиіркенгенімде
Бір сәт сенімен сырласып алам,
Сырласам дағы ұзаққа шабам!

Жаныма тыныш бермесе өмір,
Мазасыздыққа меңделсе өңір,
Өзіңіздегі өлеңдерді оқып,
Бір сәтке...сәтте...тыншиды көңіл...

Өзіңмен, ата, «Таулықпын» дедім,
Махаббатыңа өртендім сенің.
Өкпеңді бірге бөлісіп тұрып
Шәмшінің талай әніне ердім.

Шын достық, білсем, құдірет нағыз!
Достықты білмес лағынет, жауыз!
Бұл менің таным-түсінігімде
Өлеңдеріңмен өрілген әр із.

Жырларың сенің самал боп есер,
Ұрпаққа ұрпақтан тұмардай көшер.
Дауылдай жырың, құйындай көңілің
Өлеңмен өшер, өлеңмен өсер .

Сен болып жаздым ұрпаққа хаттар,
«Аманатыңды» болсам деп ақтар.
Өмір –күресте түстім жарысқа,
Өзіңдей батыр жүзер қарсы ағысқа.

Ақиығым-ау, өлеңдеріңсіз
тұрады бағым жетіңкіремей,
Ұрпағың жүрер мұраң барында
«Жетімкөліңдей» жетімсіремей.

Жыр сұлтаны елімнің, өзің жайлы,
Өскелең жас әлі талай жырлайды.
Өшпес мұра қалдырған ұлы ақынның,
Өлген күні болған емес, болмайды...

Қадырқұлова Жанеля Ерболқызы,
№17 И.Трубицын атындағы орта мектеп-гимназиясының
10 «Ә» сынып оқушысы.



Пікірлер (1)

Gulpan

Қаламың қарыштай берсін! Өлең көкжиегіндегі өрісің кеңейе берсін,жалынды қарлығашым! 
 

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз