Өлең, жыр, ақындар

Өмір

Өмір
(Шал ақынға еліктеу)
Боямасыз өмірде,
Таза аппақ жан бар ма ?!
Дақ түсірер көңілге,
Жаман адам бар хақта.
Ақ қарадан тұратын
Өмір шіркін жалған ба ?!
Алла берген мінезі,
Қолданыста өзгерген.
Қырсық адам әр ісі
Шиеленіскен жіппен тең.
Мейірім шуақ шашатын,
Әр адамның көңілі
Таңда атқан күнмен тең.
Ойлап тұрсаң бауырым !
Бұл өмірде көргенің,
Жақсылығың таспен тең,
Жамандығың таумен тең.



Пікірлер (1)

Айнур

Керемет!

Пікір қалдырыңыз

Қазығұрт – киелі өлке !

  • 0
  • 1

Қазығұрт киелі өлке ол нақ дерек,
Бұл өңірдің тағдыры, тарихы ерек.
Сол тарихты шырқау шыңға асқақтатып,
Бізге жеткен аңыздар ол бір бөлек.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер