Оған...

Жеткізгім кеп жағдайын мен жүректің,
Келсе-дағы ақ жанын елжіреткім,
Оған лайық бір өлең жаза алмадым,
Жаза алмадым, көзімде мөлдіреп түн.

Реніш толы, кей кезде кек тұнатын
Жүрегімді жібітті кеп бір ақын.
Содан бері жүректі оған деген
Сағынышым болды ғой жеп тынатын.

Жанарыма жасырып, күліп, қайғы,
Санамды бір сағыныш кұлыптайды.
Бірақ сол сорым болған ыстық сезім
Жанымды жылытпайды.

Біткен жоқ-ау миымда бұл күн егес,
Күліп қоям хәліме, (күлкілі емес).
Азап шекпей шын сүю, шын сағыну
Неліктен мүмкін емес?!

Үміт те бар, қойғанмын арқанға іліп,
Сенім де бар, (сену де дарқан қылық).
Сосын бір қорқыныш бар, ойда жоқта
Тағдырымды кете алар талқан қылып.

Кімге кінә артайын, кімді күндеп,
Түнегімнің түрмесе түндігін кеп?!
Үнсіздікте қалайын, тек сөзімді
Қабылдаса болғаны шындығым деп.

Артып қойып жазықсыз күзге өкпе-мұң,
Бір-ақ сәтте үмітті үзбек те едім...
Сабырыма шырмалдым, шынжыр етіп,
Шырылдаған шындықтың тізбектерін.

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (1)

Арман

Әдемі!

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)