Өлең, жыр, ақындар

Мүгедек баланың монологы

  • 11.02.2018
  • 0
  • 4
  • 9678
О тағдырым қатал едің сен неткен,
Жарым-жанмын, мүгедекпін мен әттең.
Мойымаймын мен мүгедек болсамда,
Тілдесемін ойнап күліп көппенен.

Сыртым бүтін, ішім түтін алайда,
Мықты адамдар бірақ оған қарайма.
Аллам маған сан сынақтар берсе де,
Жеңіп шығам барлығында қалайда.

Қай кезде де ұмытпаймын Алланы.
Өйткені Алла жалғыз менің қорғаным.
Шіркін-ай. аяғыма нық тұрып,
Асыр салып жүгірсем болғаны.

Армандаймын күнімен де түнімен.
Өзгелерше зуласам ғой, жүгірсем.
Алға қарай жетелейді арманым.
Кім естиді дауысымды күрсінсем.

Мағынасыз өтуде әр мұнар күн.
Жай-күйімді дәл өзімдей ұғар кім?
Жүре алмай зар илеген кезімді,
Дұшпанға да тілемейтін шығармын.

Қамқоршымсың, жан анашым, жалғызым.
Тілеуімді тілер жылап әр түні.
Аяғыма тік тұратын болсам мен
Сөз беремін- ұмытасың барлығын.

Осыларды күліп еске аларсың,
Өтінемін шыдай тұршы, анашым!
Отадан соң аяғыма тік тұрсам,
Бұл қайғыңды бақытыңа баларсың.

Барлығында тек ішімде сақтаушы ем,
Жан сырымды ақ қағазға ақтардым.
Ота егер сәтті өтсе, анашым,
Үмітің мен ақ сүтіңді ақтармын.

Демеушіміз Жаратушы Алла деп,
Мен де төзем, сен де шыда соңғы рет.
Аяғыма тұрарыма сенемін,
Көп күттірмей таң атса енді болды тек.

Ес білгелі үзілместен күдерім
Нық тұруды армандадым үнемі.
Алла жазса алыс емес ол күнде,
Таңды күтші атқақтамай жүрегім.



Пікірлер (4)

Салтанат

Керемет жазылған.Оқып отырып бір жылап алдым

Салтанат

Жүректен шыққан туынды

Майра Бетпай

Керемет жаным!! Каламын мукалмасын, ардайым биктен корине бер. АЛЛАМ саган денсаулык, бакыт берсин

райхан

жанымау керемет екен ешкашанда мойыма алга карай нык жур жанымау

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз