Өлең, жыр, ақындар

Бір сағыныш..

Бір қуаныш, бір мұң бар жүрегімде,
Ұялайды наз күлкі гүл ерінге,
Сізді ғана сағынам күндіз де түн,
Асыл арман сол ғана бұл өмірде

Бір сағыныш санама орнап алған,
Бір мұң болып көңілді торлап арман.
Шұғыласы секілді бақытымның,
Арайлайды, аңсаумен таңдар алдан.

Ай, күнге еркеледім, наздандым да,
Үміт күтем көктемнен жаздан мына,
Бұл уақыт зулайды, ұстатпайды,
Білмеймін, жолығар күн аз қалды ма?

Самал жел сен аман бол сезімімсің,
Таусылардай бұл күнде төзімім шын,
Ақша бұл армандарға сәлем айтшы,
Асығам ақ таңдарға өзің үшін.

Таңсәуле Әгенқызы
27.01.2018



Пікірлер (2)

Сандуғаш

Маған көп өлендер керек

Сәуле

Не үшін?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз