Өлең, жыр, ақындар

Менің елім

Елім бар кең жазира көсілген.
Абай, Мұхтар, Шоқандай ұл өсірген,
Дана халқым ассалаумағалейкум!
Ең бірінші сәлемдескен көне кезден.

Санасаң ерліктерін батырлардың
Қазақ үшін тартқан жан мен қан азабын.
Қиналды батырлар ел үшін
Жалауы желбірейтін көгі үшін

Бағалай біл атқан әр ақ таңыңды
Жете алмай кетті соған талай қазақ жастары
Қан майданға шықпасаңда қазақ боп
Біліміңмен шығар атын қазақтың.

Туғанымдай көремін әр қазақты
Туған жерім, елім менің асыл, даңқты!
Берекелі, биік шаңырағы, керегең кең
Әрбір елің болған сенің терезең тең.

Намысын бермеген қазақ ұлдары
Әр қазақ қызының таза арлары
Мақтансаң мақтан қазақ атымен
Тулары көкте еркін желбіреген.

Ақындар салып кеткен іздерін
Жалғастырып келемін. Жоғалтпай көздерін.

Жырлаймын әнге қосып атыңды қазақ
Бәйгелерде бәс бермес тағы ол қазақ
Қазақтай ел қайда ерекше, ғажап.
Елімді қорғағаным, борышым қазақ.

Әлаудинқызы Гүлжайна
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
№51 М.Қаратаев атындағы жалпы орта мектебінің
6-сынып оқушысы
Жетекшісі: Жолдасбекова Бағлан



Пікірлер (1)

sagat2006

Жас жазба ақындардың жеке шығармашылығы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар