Өлең, жыр, ақындар

Ішім өлген, сыртым сау

  • 16.03.2015
  • 2
  • 6
  • 50349
Ішім өлген, сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау:
Бүгінгі дос - ертең жау,
Мен не қылдым, япырмау?!
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді, айтса дау.
Кісі алдында кірбеңдеп,
Шабан, шардақ1 және шау2.
Мұндай ма едің ана күн,
Мұның қалай, батыр-ау?
Үш күн арқаң босаса,
Бола қалдың бас асау.
Жан қысылса, жайтаңдап,
Жанды еріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің жабырқау?
Ұрлық пенен қулыққа,
Байлағанда, кестің бау.
Берерменде бесеусің,
Аларманда және алтау.
Топ болғанда көрерсің
Түрлі дауды жүз тарау.
Аяғында сендейлер,
Көрмей жүр ме қанталау?
Қайтып келер есікті,
Қатты серіппе, жарқын-ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар-ау.

1 Дәрменсіз
2 Тосырқап, тоқырап қалу



Пікірлер (6)

Нургул Сериккызы

Өте керемет.Мәнерлеп окуга катысатын едим жаксы болды го.Осы оленмен бас жулде алам деген умиттемин

Нургул Сериккызы

керемет

Кеңес Сабина

Абай Құнанбаев ең керемет ақын

Myrza

Өте керемет өлең

Папасының жалғыз гүлі

Абаи Құнанбаиұлы Қазақстандағы ең керемет ең алғашқы жазушысы .Бәрімізге Абаи атамыздың жолын берсін ..

Mejowoo

Өте керемет және терең мағыналы өлең....

Пікір қалдырыңыз

Сегіз аяқ

  • 1
  • 22

Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,

Толық

Кең жайлау - жалғыз бесік жас балаға

  • 1
  • 5

Кең жайлау – жалғыз бесік жас балаға,
Алла асыраған пендесі аш бола ма?
Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге,
Тыныштық пен зар боларсың баспанаға.

Толық

Күнді уақыт итеріп

  • 1
  • 5

Күнді уақыт итеріп
Көк жиектен асырса,
Көлеңке басын көтеріп,
Алысты көзден жасырса —

Толық

Қарап көріңіз