Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздік дәуірі

Тәуелсіздік деп соғады менің нәзік жүрегім ,
Елім,жұртым сен деп келем, сен деп өмір сүремін.
Көк байрағым көкке самғап желбірей бер көгімде,
Уа, Қазағым мықты болсын, ұлтың – сенің тірегің.

Қазақпын деп қарсы тұрам сан мыңдаған ғаламда,
Қыран құстай қалықтай бер, шарықтай бер заманда.
Шексіз алғыс жаудырамын нық басылған қадамға,
Тәуелсіздік туын тіккен бас иемін адамға!

Талай қазақ құрбан болған осы жеңіс жолында,
Қаза болды жерлестерім көштегі жау қолында.
Бейбітшілік күні туды айтатұғын сыр қанша,
Қорғап өтем қазақ елін кеудемнен жаным шыққанша!

Ер Нұр ағам басқарып жүр Тәуелсіз мынау елімді,
Шыр-пыр болып қорғаштайды пір тұтады жерімді.
Бағалайды тау мен тасты, өзен суды, көлімді,
Қастерлейді құрмет тұтып Тәуелсіздік төрімді.

Мың алғысты білдіреміз Елбасымыз біз сізге,
Жүріп өткен әрбір жолың бізге тарих, шежіре,
Жарық көрді міне бүгін дәуірлерді жырлаған,
«Тәуелсіздік кітабыңа» тәнті болды бұл ғалам.

Ертеңгі күн болашақты жолдаулармен жолдадың,
Өткен күнді тарихыңды ақ параққа сомдадың.
Төрт бөлімге бөліп бердің Тәуелсіз қазақ ғұмырын,
Сыйлы еттің, биіктеттің Тәуелсіздік тұғырын.



Пікірлер (1)

ұлпан

маған бұл өлең қатты ұнады өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз