Өлең, жыр, ақындар

Мұқағали Мақатаевтың туған күнінде

Сен туыпсың бүгін қазақ арысы
Еңсегей бой,бүркіт қабақ сарысы
Жаратқаннан өлең атты енші алып,
Өлең болған бар ғұмыры, бар ісі

Сен туыпсың борандатқан ақпанда
Жер менен көк тұтасып бір жатқанда
«Қарсы алыңдар, ақын келді өмірге»
Деп қасат қар терезені қаққанда

Ризамысың ғұмырыңа,шын ақын
Шыңың бар ма ед әлі де алда шығатын
Неге жиі көзіңе мұң тұнатын
Жандар аз ба шайырларын ұғатын
Содан ба әлде ақын оңай сынатын

Өткен күндер алдамшы бір түс бүгін
Тарих айтар кім екенін күштінің
Алау едің күндік жерден көрінер
Мың жүрекке шашырады ұшқының

Өзің айтқан, шықшы, бүгін белеске
Көз жетер жер сағым ба, әлде белес пе
Ұшқының бар жүрегінде мың сан жас
Өзің күткен қызғалдақтар емес пе

Кеудең кеңіп, айдарыңнан жел ессе
Сәл құлақ түр, сәл тұра тұр белесте
Жыр арнапты құрметіңе жас буын
Саған жапқан қамқа тон сол емес пе

Түнге талмас шапқанында күндізден
Жыр дүлдүлді тәңірім саған мінгізген
Сол дүлдүлмен ай сұлуға жеттің бе
Сол дүлдүлмен жолықтың ба күн қызбен

Әр көңілде Мұқағали жырлары
Бұл сөзімнің бір дәлелі, бір мәні:
Архивте емес, дүкенде емес, кітабың-
Әрбір үйдің шкафында тұрғаны

Бұл тірлікті тыншымайтын мәңгілік
Өттің ақын өлең қылып, ән қылып
Саржайлаудан саңқылдаған үніңнен
Төржайлауы Күршімнің тұр жаңғырып

Парық қылмай жалғанның кең,тарын да
Ғасыр асып арында,ақын, арында
Пәни ғұмыр, бақи ғұмыр-бір ғұмыр
Сен тірісің-тірілердің барында

Саған деген сезім қалай, ой қалай
Бүгін Күршім отыра алмас тойламай
Ойхой, Мұқа, өтіп жатыр той қалай
Мынау сенің туған күнің,ой пәлі-ай



Пікірлер (1)

көшелі

Мықты!

Пікір қалдырыңыз

25*2=50*1

  • 1
  • 0

Алла қосса,
Бірер жылда
Мен де елуге келермін
Қалың елім,

Толық

Айтылатын сөз еді...

  • 1
  • 1

Біздің жақта қыс ұзақ
Сол қыста небір ғажап бар
Соғым-шүйгін, үй-жылы,
Веселятся қазақтар

Толық

Толғаныс

  • 1
  • 0

Бұл жалғанда ұшпаққа жеткен, кәне,
Сөрең-кеше, жол-бүгін,ертең-мәре
Емексітіп, ертіп ап адастырар
Неткен қызық бұл жалған, неткен пәле

Толық

Қарап көріңіз