Өлең, жыр, ақындар

Наурыз тойында

Таудан құлап төгіліп, саулап қырдан
Жып-жылы леп жаңартып таңды аттырған
Алты ай қыс арқасына батқан ерден
Тіршілік босанып, бір аунап тұрған

Ағаш діңі былқылдап дертіп тұрған
Әппақ дәнге мұрт шығып бөртіп тұрған
Шырын керіп,нәр толып, сыздай түсіп,
Жер-ана омырауы шертіп тұрған

Тазарды ауа дымданып, зар күйге еніп
Бұлақ шауып, сүңгі еріп, қар иленіп
Жұла тастап есікті, терезені
Көктем еркін кіреді әр үйге нық

Түнменен теңестіріп Күн иықты
-Қалай екен-деп ұяң жымиыпты
Жыл басының тойына тартуым-деп
Жерге нұр қып шашып тұр жылылықты

Жаңа Күнге (Наурызға) жас-кәрі-мәз
Тайқазан Наурыздама асқаны-мәз
Тай жарысқа жабағы қосқаны-мәз
Бәрі де мәз, ай, жұлдыз аспаны-мәз

Сол мәз көптің біз дағы біреуіміз
Қан таси ма, дүрсілдеп жүрегіміз
Адамзаттың аты бар бір еліміз
Үміт-ортақ және ортақ тілегіміз:

Қамбаң дәнді, қазаның сүтті болсын!
Қыздар сұлу, ұлдарың мықты болсын!
Көш,Қайрахан*! Жақсылық басы болар
Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

Аты озсын маңдай терін төккендердің
Береке алып, құт алып көктем келгін!
Пендеңнің ақ тілегін, ақ тілеуін
Жерден бергін,тәңірім, көктен бергін!

Қайрахан*-жамандық пірі




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір демде

  • 0
  • 0

Барар жерің Балқан тау
Ол да біздің барған тау
Ескі жырдан
Баба, Сіздің барған жер-Балқан екен

Толық

Сұрақ-жауап

  • 1
  • 0

- Ерке Күршім, сылқылдап назданып неге ағасың?
- Сұлулықты жұрт былғап кемітпесін бағасын
- Жас көктем іреп жатқанда кәрі қысты қолға алып
Дүлей Күршім,сен неге арнаңды бұздың долданып?

Толық

Кей сәтте

  • 1
  • 0

Сірескен қымтап жабығын
Сұр аспанды сұрқай күз
Суық сорған жарық үн
Сүреңсіздікті шырқаймыз

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар