Өлең, жыр, ақындар

Бөбек бөлеу

  • 23.03.2018
  • 0
  • 0
  • 7773
(Ана жыры)

Бал - бал бөбек, бал бөбек,
Бөлейін бері кел, бөбек.
Бедерлі бесік, төрт есік,
Төгілте салдым тор төсек.
Бөпешім, бесік - отауын,
Отауыңа кір, бөбек.
Бал - бал бөбек, бел бөбек.
Бүлдіршін шүмек бәйтерек,
Балалы үйрек, бас бармақ,
Күшіне бөбек, бес бөлек.
Саусақайы салбырап,
Бөлеңе қойсын қос білек.
Бал - бал бөпем, бал бөпем;
Бөлесем жөнге көн, көкем.
Көк ала жылқы көлде екен,
Көк ала тайың сонда екен.
Торсығыңды тосайын,
Тұмсық тесей сор, көкем.
Бал - бал бөпем, бал бөпем,
Бөлейін бері кел, көкем.
Жұлдызыңды жұм, көкем,
Жуынып ерте тұр, бөпем.
Алшая атқа мін, бөпем.
Ақтан қара біл, көкем.
Бал - бал бөбек, бал бөбек,
Бөлекең қонған көк өзек.
Көк өзекте көбелек,
Көлге көк құс шүй, бөбек.
Көк өзекте көбелек,
Көбелектей күл, бөбек.
Бал - бал бөбек, бал бөбек.
Боларсың, бөпем, көлкөмек:
Әлпештеген ата - анаң,
Бола қалса мүгедек.
Таңайын, ұйықта, таң атсын.
Түнде оянба, түн түнек.
Бал - бал бөбек, бал бөбек.
Бөріден бөстек ки, бөбек.
Ерінбей еңбек ететін,
Еліңе бол елгезек.
Елгезек болсаң иісін,
Ендеше саған екі емшек.
Бал - бал бөбек, бал бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдына кетерсің,
Елге есті ер керек,
Ер жет! Есей ертерек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұмытсын, көңілім ұмытсын!

  • 0
  • 0

Болар де елең дап - дайын,
Тыңдамай - ақ бұлбұлды.
Білмей - ақ сұлу мән - жайын
Жазар едім бір жырды.

Толық

Қырман

  • 0
  • 0

Қылмыңдап қырға сұлу күн,
Қызуы қыздай жайнады.
Сәлемдесіп сәулемен
Су сумаңдап ойнады.

Толық

Өзіме

  • 1
  • 3

Хақ сөйле, қызыл тілім, адал сайрап,
Тапсырдым бар ойымды саған арнап.
Көңілім арам ойлап алаңдама,
Алмаққа біреуді алдап, біреуді арбап.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар