Эссе және өлең-жыр байқауы

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

  • admin
  • 16.04.2015
  • 1
  • 4
  • 20997
Әуелде бір суық мұз ақыл зерек,
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,
Бұл – қайраттан шығады, білсең керек.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Жеке-жеке біреуі жарытпайды,
Жол да жоқ жарыместі жақсы демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек.

Басқа да өлеңдері

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын

  • 0
  • 0

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,
Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Толық

Қызарып, сұрланып

  • 1
  • 1

Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі.
Өзгеден ұрланып,
Өзді-өзі керегі.

Толық

Қорқытпа мені дауылдан

  • 0
  • 1

Қорқытпа мені дауылдан,
Дүрілдеп тұрса тау мен сай.
Шатырлап тұрған жауыннан
Жарқылдап тұрса түскен жай.

Толық


Пікірлер (4)

Жансая

өте керемет

Аида

Өте керемет. Маған ұнады.

Амангелдиева Злиха

Маған бұл өлең ерекше әсер етті ,өте керемет өлең.

Нариманова Айпара

Абай атамыздын олендери оте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...