Өлең, жыр, ақындар

Нұр алғаны сол шығар

  • 24.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3327
Алысқанын құлатып,
Жау - дұшпанын мұқатып,
Тоғызында толған кім?
Ұрандасып, көптесіп,
Білектесіп, күш қосып
Еңбекке қол қойған кім?
Қуарған қыр қуанып,
Суалған сыр нұрланып,
Маужыраған бұл қай жақ?
Қырды бір нұр алғандай,
Көз тосырқап қалғандай,
Қарамаса абайлап...
Жаудың шебін қиратып,
Жарлы жұртын қуантып,
Езілген - ел болған күн.
Еңбекші елдің иесі,
Қазақстан кеңесі
Тоғызына толған күн.
Кеше жалшы күс білек,
Бүгін жарып жұрт билеп
Отырған құл, қойшылар;
Жер желіндеп, тау тасып,
Қыр қызығы ұласып,
Нұр алғаны сол шығар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егінші жыры

  • 0
  • 0

Көктен нұрға шомылған,
Жерден жібек жамылған;
Біз еңбекші - егінші,
Егін еккен Ленинше.

Толық

Кеңес жалауы

  • 0
  • 0

Ұшқыр жыр,
Құстай ұмтыл,
Қанатын қақ!
Қақ, заула,

Толық

Кәне, шыдар қай майдан?

  • 0
  • 0

Өмірге өлген Алатау мен құба құм.
Тірілгендей көкті жарып шығады үн.
Өшкен жанды, өлген жерге жан кірді,
Қыр қозғалды, үнге тікті құлағын.

Толық

Қарап көріңіз