Өлең, жыр, ақындар

Айдаушы

  • 25.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4838
Ойдан ойды тудырып,
Толқынды толқын қудырып,
Айдаған бәрін бір өлең;
Тар жүрекке қысылып,
Кең теңізде шашылып,
Көк жүзіне көлбеген.
Көпіріп көкке бір шығып,
Жүректің жарын қусырып,
Күңіренген де, тербеген.
Теңізді терең сапырып,
Жүректен құрақ жапырып,
Тепсіне тепкен, ерлеген.
Жүйрік жанды жүйткітіп,
Жай көңілді ұйтқытып,
Тербегенде не деген?
«Қурайдай өмір солғанша,
Жер койнына қонғанша
Айтарыңды айтып ел!» деген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біздің жазда

  • 1
  • 4

Бозторғай шырлап, жаз құсын жырлап,
Үйрек сытырлап, қаз пырлап,
Түйе боздап, қой қоздап,
Жылқы азынап, жел маздап,

Толық

Октябрь екпіні

  • 0
  • 0

Тарихтың жүрдек арбасы
Ұшады даңғыл жолменен;
Трактор,балға,пулемет
Қарулы қалың қолменен.

Толық

Лилаға

  • 0
  • 0

Лила, Лила, мен күйем,
Өртті, дертті қайғыңмен.
Мен қажыдым, мен өлем,
Өшем жалын жаныммен.

Толық

Қарап көріңіз