Өлең, жыр, ақындар

Ғұмыры бітпес үйдегі

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3437
Ғұмыры бітпес үйдегі
тірліктің жайы талдырып,
сезімді нандай иледі,
үміт пен арман қалды ұмыт.
Баланың қамы, үй қамы,
Әйтеуір бітпей күйбеңі,
жұмысың тағы қинады,
жазбаған жырың ми жеді.
Ұмытар өзің өзіңді
бір сәтті сонда аңсадың,
күйбеңдер қажап төзімді,
жұқарып жүйке, шаршадың.
Достар ма құяр күлкі үнін,
қырдағы туыс, бауыр ма,
жаныңа берер бір тыным
әлде бір шалғай ауыл ма –
әйтеуір дайын тұрасың
кетуге кейде үйіңнен.
Мұраттан сүйтіп шығасың,
кездесіп талай жиынмен.
Жеткізбей бірақ таң-үміт,
өтеді думан,
нұр күнің,
кетесің сосын сағынып
таусылмас ошақ тірлігін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үміт туралы ода

  • 0
  • 0

Тұрмын жалғыз жағада
ымырт кезде.
Шарықтайды далаға
үміт-кезбе.

Толық

Туғандай дүниенің нұр шақтары

  • 0
  • 0

Туғандай
дүниенің нұр шақтары,
ән кетті
Атыраудан шырқап тағы!

Толық

Көрген емес жанымды жасқап елім

  • 0
  • 0

Көрген емес жанымды жасқап елім,
мүмкін жасқамағаннан асқақ едім.
Дұшпаным жоқ жырымды көре алмаудан
жек көретін жандардан басқа менің.

Толық

Қарап көріңіз