Өлең, жыр, ақындар

Қайран Мәриям апам-ай...

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 4038
Бар қазаққа ана едің, барлық қызға пана едің. Көңілі шалқар даладай бітімі бөлек жан едің. Жақтырмасаң, паң едің, жақсы көрсең, ән едің, жыр - отаудың сәні едің, акыл - ойдың нәрі едің.

Көңілім жүдеп, күрсініп, мен жылаймын тұншығып. Енді сенсіз Күн шығып, енді сенсіз бата ма Ай? Қайран Мәриям апам-ай...
Қыздардың көшін бастаған, орынсыз асып - таспаған, өсек-аяң сөз айтпай, қабағымен жасқаған тектілердің көзі едің, шын асылдың өзі едің. Мәриямы мәңгі көз жұмып, жұкарған жанын тоздырып кемсеңдеп жатыр кең дала. Еліме Ана боларға лайық едің сен ғана. Енді орның сенің толар ма... Қыздардың бәрі жылаулы, жанарлар жасқа бұлаулы «Жоқ-ау, - деп, - сендей енді Ана», жүрегін кернеп шер-нала.

Тіріде шырылдап жаның, еліңнің ұл-қыз - ардағын тілегін тілеп, қамдадың. Көшінен жырдың қалмадың.

Сырбай, Ғафу - қос ағам,
қос ағамнан айрылып,
босағасы жырдың босаған.
Сен де кетіп барасың
біздерді тастап, қош, анам!

Мейірім ойнап өңіңде, отырмайсың енді төрімде. Қимаймын, қалай қиярмын өзіңдей жанды өлімге. Жаныңызға жұмак тіледім, шарам жоқ басқа - білемін. Ажал дегеннің қаталы-ай, Әр сөзі - асыл батадай, Қош, Қайран Мәриям апам-ай!

1995



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әженің жыры

  • 0
  • 0

Шанаға жектім шал жорға,
жарқылдайды тағасы.
Жарқылдаған жағасы
мынау кімнің баласы?!

Толық

Жан көктемі

  • 0
  • 0

Бал сезім баурап алды бүгін мені,
нұр шашып Күн де маған күлімдеді.
Дүние таңғажайып әнге айналып,
тұрғандай жүрегім де жүгіргелі.

Толық

Жақсы көру

  • 0
  • 1

Өмірің таңдай болса арайлаған,
қатыгез қараулыққа жолай ма адам?
Біреуді жақсы көрген қандай жақсы -
нұрланып кетеді екен бар айналаң!

Толық

Қарап көріңіз