Өлең, жыр, ақындар

Ашыну

  • 31.03.2018
  • 0
  • 0
  • 3944
Құртқым келмейді ешкімді,
Не дейді маған осы жұрт?
жер бетінен көшіріп
не жазықсыз өшігіп,
жек көргем жоқ еш тілді.
Отырып көрмедім көсіліп,
не деп шулайды осы жұрт?
Түйрейді оғын кесірлі үн,
ешбір нәсілдесімнің
байын тартып алмадым,
кемшілігін де кешірдім,
жетпей жүргенді жалғадым.
Адамгершіліктен басқаға
тәуелді болғым келмейді,
ұқпай-ақ қойсын ел мейлі,
елемей-ақ қойсын астана.
Әйтеуір біреу жерлейді,
өлеңімді ойып тасқа да.
Жайлауда тұрғым келеді
ақбоз үй тігіп, ән тыңдап,
жеңешелерім жарқылдап
жанарды жаулап желегі…
Дүниедегі бар қымбат –
сол ғұмыр маған керегі!
Қасиетін шалдар далада
шөлдегі бұтаның әр үнін
сіңірсе деп ем балама,
ақыл айтпай-ақ тәлімін,
киесін, зарын, қадірін
қабақпен құйып санаға.
Қарыздар емен ешкімге,
шұқымаңдар мені, түртпеңдер!
Найзағайсыз болмас бұлт пен жел.
Төзімім менің шексіз бе?
Табиғат берген түріммен,
қырлық мәніммен, тіліммен
қаламын осынау от жерде.
Басқа мұраттар жоқ менде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сужүрек

  • 0
  • 0

Нағашымның баласы –
Айдар келді қаладан.
Үлкенсуін қарашы –
отыр үйде манадан!

Толық

Дүниеден махаббаттың көшкені ме

  • 0
  • 1

Дүниеден махаббаттың көшкені ме,
әлде бір жұмақ ғалам көкседі ме?
Нәр-сезім мені өлтірмей қуат берген
таңданам қазір мүлде өшкеніне…

Толық

Шындық

  • 0
  • 0

Шындық-ай, ауылың қайда еді,
сен бе деп жердің бар шамын
шатқаяқтап іздеп шаршадым.
Қалмады өлкемнің сай белі.

Толық

Қарап көріңіз