Өлең, жыр, ақындар

Отанымның жүрегі - бұл Астана

Еуразия кіндігі-бұл Астанам
Елбасымның тілегі -нұр Астанам!
20 жылдық мерейлі тойын бүгін
Шашуымды қабыл ал,жыр Астанам!
Қойнауы толған тарихқа,
Елімнің сұлу қаласы.
Шерткендей сырын халыққа
Жарқырап тұр ғой,қарашы!
Сарыарқа далам төсінде,
Қыран боп ұшты жастарың
Астанам сенің көгінде
Сыңғырлай берсін,асқақ үн!
Қазақтай ел бар екенін,
Әлемге мойындаттын сен .
Жастардың болған мекені,
Астанам ,қойын дәптерім.
Тәуелсіз елдің тірегі,
Астанам сенсің -жүрегі,
Бойына жиып алғансың ,
Бабалар салған Ұлы елді!
Жасай бер жайна жас қалам,
Өзінмен қызың мақтанар .
Елбасым салған сара жол
Біздерге үлгі боп қалар!
Елім деп соғар жүректер,
Арналар саған тілектер
Жалынды біздер тұрғанда,
Үзілмес жарқын үміттер.
Мәдениет, білім ордасы,
Қарыштап,дамып келеді.
Жаратқан өзің қолдашы,
Астанам сенсін сенерім!
Ай санап емес, күн санап,
Көркейіп , бойды тарадың.
Бойыма ыстық қан тарап,
Жалындап жанып барамын.
Тіл жетпес махаббатымды
Парызым деп мен санадым!



Пікірлер (1)

Ажар

Жарайсын

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар