Өлең, жыр, ақындар

Ойға шақыру

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 4140
Ұқтым заман парқын мен:
адамы жез таңдайлы,
ісі жоқ та, ал тілмен
мінбе тисе сарнайды.
Балаушы едім сыйлы ерге
ұғар деп ел қайғысын
титтей билік тигенге
кердеңдейді байғұсың.
Ойлыға айыл жинамай
әкімдер-ақ қинайды,
сыйлағанды сыйламай,
қорқытқанды сыйлайды.
Ас берсең де, аш қарға
қан көрмесе, қонбайды.
Қос-қос үкі тақсаң да,
жабы жорға болмайды.
Оясы жоқ бетсізге
ақыл айтқан жақ сорлы.
Көргені жоқ тексізге
мінбе болған тақ сорлы.
Аспан ашық, күн жылы –
тамыр тартпас жер сорлы.
Патшасының мылжыңы
мезі қылған ел сорлы.
Сауысқанды тотыға
ханым еткен жер сорлы.
Елдің намыс отына
өртенгендер – ең сорлы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімнің келеді жорамалы

  • 0
  • 0

Жүрегімнің келеді жорамалы,
түсінгем жоқ өзім де оған әлі;
ал кетіскен достардың бәрі маған
түбінде бір қайтадан оралады.

Толық

Далада

  • 0
  • 0

Қеңдікті қүйып санаға,
ұқсайтын байтақ жағаға,
жаңғырықты да жер жұтып,
ізіңді құм мен жел жұтып,

Толық

Қыз балаға бата

  • 0
  • 0

Талдай бой берсін,
сұңғыла ой берсін,
жаздай жамал берсін,
таңдай жанар берсін!

Толық

Қарап көріңіз