Өлең, жыр, ақындар

Өкініш пен қасірет

  • 01.04.2018
  • 0
  • 2
  • 9748
Сөз қадірін ұқпайтын
көшің болған өкініш.
Биліктіні ықтайтын
досың болған өкініш.
Әділетке жұғымсыз
биің болған өкініш.
Саңылаусыз, жылусыз
үйің болған өкініш.
Адамының құны жоқ
елің болған өкініш.
Дауыл соқса, ығы жоқ
жерің болған өкініш.
Ойы асқанды көре алмас
ханың болған өкініш.
Елден биік, сөзі – алмас,
дарын болған өкініш.
Ессіз болса өз балаң,
бәрінен де сол жаман.
Қайғы мүжіп, жас іреп,
сол - өлтірер қасірет.



Пікірлер (2)

Ару Сексенбаева

Маған Ф.Оңғарсынованың <Қасірет пен Ерлік> деген шығармашылығын тауып бересіз дерме?

Роза Фархадова

Өте керемет мұңды өлең

Пікір қалдырыңыз

Арна

  • 0
  • 2

Күз, саладан,
сайлардан
ұмтылып алға өзендер жатыр бұрқанып,
өр екпінімен жолсыз жақтарға бұлтарып.

Толық

Мен онымен қай кезде көрісемін

  • 0
  • 0

Мен онымен қай кезде көрісемін?
Қашан?
Қашан?
Айтшы сен соны, сенім?

Толық

Достарым, ортам, қоғамым

  • 0
  • 0

Достарым, ортам, қоғамым,
оларсыз, семем, соламын.
Салқындық сеуіп, сырт берсе,
көңілімде – кірбің, жоқ әнім,

Толық

Қарап көріңіз