Өлең, жыр, ақындар

Қазақстаным менің

Кең далада тұрақтаған ел болып,
Егемендікті қолға ұстаған ту қылып,
Билік еткен сахнасында құрлықтың,
Жасай берер, тәуелсіз ел мәңгілік!

Көшбасшысы өз алдына бір бөлек,
Нұрлы жолы тұрар әркез нұр бөлеп,
Қазақ деген керемет ел тұрғандай.
Табиғаты кең далама еркелеп!

Қазақ деген кең даланың бөрісі,
Қазақ деген Азияның төресі.
Тәуелділік, бодандылық өзгеге,
Оралмайтын кешегі күн елесі.

Қармағына ЭКСПО-ны байлаған,
Өр жастары Қазағым деп тулаған.
Керемет ел, мәңгіл ел алдыңда,
Өз ішінде соғыс деген болмаған.

Тәуелсіздік тарихында маңыз боп,
Жанарында лапылдаған жалын от,
Қайрат, Ләззат есімдері - шежіре
Ұрпақатарға айтылатын аңыз боп.

Қанша қысым көрседағы өзгеден,
Азаттықтан еш үмітін үзбеген.
Сол Алашым 27 жыл ішінде,
Адам сенбес, ғаламат боп өзгерген.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Отан да отбасынан басталады

  • 0
  • 3

Асқар тау әкең болса жанға тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңға соқтығысса,
Жанұяң - демеу болар үлкен жүрек.

Толық

Қарап көріңіз