Өлең, жыр, ақындар

Қазақ қалпы

  • 16.04.2015
  • 1
  • 7
  • 62478
Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған,
Сахара көлге қонып салқындаған.
Бір өртке қаудан шыққан душар болып,
Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!
Алаштың адамының бәрі мәлім:
Кім қалды таразыға тартылмаған?
Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,
Жақсылық өз басынан артылмаған.
Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,
Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.
Бос белбеу, босаң туған бозбала кеп
Киіздей шала басып, қарпылмаған.
Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,
Телміріп, бір тойғанын ар қылмаған.
Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар бар
Есептеп азын көпке, аңқылдаған.
Қайырсыз, неше сараң байлар да бар
Қайықтай толқындағы қалтылдаған.
Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,
Ұмтылып талап ойлап талпынбаған.
Солардың қатарында біз де жүрміз
Мәз болып құр түймеге жарқылдаған.
Не пайда өнерің мен біліміңнен,
Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?
Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған,
Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.
Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,
Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.



Пікірлер (7)

Дильназ Баймаханова

Қазақтың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін өлең☝ оқып отырған кезде көзге жас келеді

Акмерей

Күштііііі

Бексұлтан

Өте керемет Өлең!
Жаттауға да Ыңғайлы.

милана

мен осы өлеңді тыңдағым келді

Бека

тамаша өлең,керемет авторы.

Пікір қалдырыңыз

Екі бөшке

  • 1
  • 5

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.

Толық

Н.Қ. ханымға

  • 1
  • 3

Рақатсыз өтсе де өмір жасым,
Бұл жөнімнан Құдайым айырмасын.
Ұзақ жолға ниет қып бір шыққан соң,
Жарым жолдан қайтпаспын, қарындасым!

Толық

Бақ

  • 1
  • 3

Бұлттар басып жасырған,
Жана түсіп басылған,
Таң шапағы сөніп тұр.
Жаңаланған өмірден,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар